
23.12.2024 ж. Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында «Тілге бойлау» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көптеген іс-шаралар жоспарланып өткізілуде. Бүгінгі іс-шарамыз Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Әжелер мектебі" аясында өткізілген "Әжелер сайысы". Мақсаты: жанұядағы әже мен немере, ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Мейірімді болуға, ата – ананы құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру.