
Астана қаласы әкімдігінің №87 "Қадыр балабақшасының "Балбөбек" мектепалды тобы, Мектеппен сабақтастық жоспарына сәйкес алғаш рет #75 мектепке саяхат жасады. Балалар үлкен қызығушылықпен мектеп ғимаратына кіріп, сыныптарды аралады, оларға партада отыру, тақтаға жазу, қоңырау соғылғанын есту өте қызықты болды.
Мұғалімдер балаларды жылы шыраймен қарсы алып, сабақтың қалай өтетінін көрсетті. Балалар кітаптарды, оқу құралдарын тамашалап, өздерін болашақ оқушы ретінде елестетті. Бұл саяхат олардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, білімге деген ынтасын ояту мақсатымен ұйымдастырылды.
Саяхат соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, мектепке баруға асығатындарын айтты, бұл күн балалар үшін есте қаларлық, ерекше күн болды