
Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр»
балабақшасының «Балбөбек» мектепалды тобы «Ерте
кәсіптік бағдар беру» эксперименттік алаңы бағдарламасы аясында өрт сөндірушілермен кездесу
ұйымдастырды.
*Мақсаты:*
Балаларға өрт сөндіруші мамандығы туралы түсінік беру, олардың еңбегін құрметтеуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және батылдыққа тәрбиелеу.
*Міндеттері:*
1. Балалардың өрт сөндіруші еңбегі туралы білімдерін
кеңейту;
2. Қиын жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету;
3. Батылдық, ұйымшылдық және жауапкершілік
сезімдерін қалыптастыру;
4. Мамандыққа деген қызығушылығын арттыру;
5. Қауіпсіздік мәдениетін дамыту және төтенше жағдай
кезінде өзін-өзі ұстау дағдыларын бекіту.
Іс-шараға ата-аналар да қатысып, балалар өрт сөндіруші мамандығының маңызын түсініп, батылдық пен
жауапкершіліктің үлгісін көрді.