foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуалды қабылдау бөлмесі

30.01.2025 ж Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының» қызметкерлері «Музей и дети (азбука путеводитель для самых маленьких)» атты музейлік сабақ ұйымдастырды.

30.01.2025 ж Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында  «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының» қызметкерлері «Музей и дети (азбука путеводитель для самых маленьких)» атты музейлік сабақ ұйымдастырды. Сабаққа «Тілге бойлау» пилоттық жобадағы мектепалды орыс тобы «Ромашка» тобының бүлдіршіндері қатысты. Президенттік орталықтың ғылыми қызметкері Кузембаева Асия Сайдоллаевна балаларға, мұражайда орналасатын түрлі экспонаттар туралы түсінік берді. Мұражай –  тұнып тұрған тарих, ал тарих туған жерден басталады, сондықтан, әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын білуі тиіс, деп, қаламызда орналасқан мұражайлармен таныстырды.


Мұражайда –өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұралар сақталып, жинақталып, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме екендігін түсіндірді. Бүлдіршіндеріміз сабаққа аса белсенділікпен қатысып, өздері болған мұражайлар туралы әңгімеледі, өз ойларымен бөлісті.

Copyright 2025  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны