foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуалды қабылдау бөлмесі

«Жануарлардың ғажайып әлемі»

12 ақпанда сағат 10:30-да Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Президенттік орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясын насихаттауға және қазақстандықтардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің арасында экологиялық білімді дамытуға бағытталған «Жануарлардың ғажайып әлемі» атты жаңа балалар көрме алаңының ашылуы болды.
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев азаматтардың табиғатқа деген ұқыпты қатынасын қалыптастырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Кішкентай кезінен бастап балаларға қоршаған әлем – біздің ортақ жауапкершілігіміз екенін түсіндіру маңызды қадам.Астана қаласы әкімдігінің №87 "Қадыр" балабақшасының мектепалды «Ромашка» тобының бүлдіршіндері ашылу рәсіміне қатысты. Тәрбиеленушілеріміз алғашқы келушілер қатарынан болды. Олар бай жануарлар әлемімен, оның қазақ халқының табиғаты мен мәдениетіндегі рөлімен танысты. Интерактивті ойындарға қатысып, жануарлар әлемін зерттеп, олар туралы қызықты мәліметтерді білді, қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымына үңілді.
Осылайша, «Жануарлардың ғажайып әлемі» залы – жаңа білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының экология және тұрақты даму саласындағы ұлттық басымдықтарға сәйкес келетін экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу алаңына айналды.



Copyright 2025  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны