
Мақсаты: Балалардың тілдік дағдыларын дамытуда шығармашылық тәсілдерді қолдану әдістерін тарату және музыкалық, ырғақты көріністер арқылы тілге деген құштарлығын ояту жолдарын қарастыру.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Мектепке дейінгі білім беру ғылыми-практикалық зерттеулер зертханасының аға сарапшысы Бижанова Әлия Әлмұхамбетқызы "Тілге бойлау" жобасы аясында бұл балабақшада жоба өте қарқынды және белсенді ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, талантты әжелерімізден құралған «Отан – бөбегім» музыкалық ансамблі мен «Елорда халықтық хоры» әжелер ансамблі балалармен бірге өнер көрсетіп, ерекше баға алды.
Астана қаласы Әдістемелік орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Боранбаева Майра Сәрсенханқызы "Тілге бойлау" пилоттық жобасы қазақ тілін үйретуде балалардың коммуникативтік қабілеттерін арттыруға, тілдік ортаны кеңейтуге мүмкіндік беретінін және ұлт бірлігі мен болашақ ұрпақтың тілдік санасын қалыптастыруда «Әжелер мектебі» өз үлесін қосып отырғанына алғысын білдірді.