
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде "Аналар мектебі" бойынша тақырыбы: "Аналар күні!" мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту; Балалардың бойында адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыруда ата-ананың рөлін арттыру; Отбасылық тәрбие мен балабақша тәрбиесінің сабақтастығын қамтамасыз ету; Аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, тәжірибе алмасуға жағдай жасау.