Бүгін «87 Қадыр» балабақшасында барлық топтардың қатысуымен дәстүрлі «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды!
Балалар, ата-аналар және тәрбиешілер бірігіп, күздің молшылық мерекесін ерекше көңіл күймен қарсы алды. Әр топ өз еңбегін көрсетіп, түрлі дәмді тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Жәрмеңке барысында балалар қонақжайлылық, еңбекқорлық пен ұлттық дәстүрлердің мәнін сезінді.
Белсенділік танытқан ата-аналарға және барша қатысушыларға үлкен алғыс!