
Бүгін біздің балабақшада инклюзивті білім беру бағытында жұмыс істейтін мамандар мен тәрбиешілердің қатысуымен тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесуде ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасау әдістері талқыланып, тиімді тәжірибелер мен жаңа тәсілдер ұсынылды.
Басты мақсат — әр балаға тең мүмкіндік беру және олардың әлеуетін ашуға қолдау көрсету.