foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуалды қабылдау бөлмесі

«Мектепке дейінгі жастан еңбекке баулу және балаға ерте кәсіби бағдар беру» Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуы аясындағы қалалық іс-шара

10.12.2025 ж Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында «Мектепке дейінгі жастан еңбекке баулу және балаға ерте кәсіби бағдар беру» тақырыбындағы Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуына арналған қалалық іс-шара өтті. Шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығы мен қабілеттерін ерте анықтай отырып, оларды түрлі мамандықтар әлемімен таныстыру және бастапқы кәсіби бағдарлау моделін қалыптастыру.
Іс-шараға ерте кәсіптік бағдар беру эксперименталдық алаңында жұмыс істейтін балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері, жеке меншік балабақшалардың педагогтері қатысты.
Іс-шара қатысушылардың тіркелуімен басталып, бүлдіршіндердің мамандықтар әлеміне саяхаты ұсынылды. Әр топ өз бағыттары бойынша қызықты көріністер мен шағын таныстырылымдар көрсетті:
* «Тілшімен сұхбат» – «Балдаурен» тобы
* «Аспазшылар патшалығы» – «Нұрай» тобы
* «Құрылысшылар қалашығы» – «Дарын» тобы
* «Қолөнер шеберлері» – «Еркемай» тобы
Балабақша меңгерушісі Аханова Ляйля Жакановна «Мектеп жасына дейінгі балаларда ерте кәсіптік бағдарлауды қалыптастыру маңыздылығы» тақырыбында қысқаша сөз сөйлеп, қатысушыларға «Ұлттық құндылықтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ерте кәсіптік бағдар беру» әдістемелік құралын таныстырып, таратты.
Музыкалық және шығармашылық қойылымдар ұсынылды:
* «Қазақстаным» әні (хор) – музыка жетекшісі Расулова Фариза Отановна
* «Мамандықтар» әні, «Торсық» биі – музыка жетекшісі Басшиева Ләйла Қадырбековна
 «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері «Көне заманнан Ғарышқа» атты сахналық қойылым қойып, қатысушыларды тарихи кезеңдерден заманауи ғылымға дейінгі танымдық сапарға жетеледі.
«Менің сүйікті мамандығым» бөлімі аясында ата-ана, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасының оқытушысы Досимбаева К. Қ өз кәсібінің ерекшеліктері және ғарыш саласының маңызы жайлы әсерлі әңгімеледі.

@oqu_agartu_ministrligi 
@akimat__astana 
@jenis_qasymbek 
@baikenyesset 
@bilimastana 
@k.sengazyyev_official 
@astana_adistemelik_ortalyq
@d_syndar
@elorda.balabaksha_qauymdastygy

Copyright 2025  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны