
10.12.2025ж Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында «Мектепке дейінгі жастан еңбекке баулу және балаға ерте кәсіби бағдар беру» бағыты бойынша Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуына арналған қалалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға ерте кәсіби бағдар беру эксперименталдық алаңындағы мемлекеттік балабақшалардың меңгерушілері мен педагогтері, сонымен қатар жеке меншік балабқшалардың меңгерушілері мен педагогтері қатысты. Іс-шара барысында балабақшасы меңгерушісі Аханова Ляйля Жакановна қатысушыларға «Ұлттық құндылықтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ерте кәсіптік бағдар беру» әдістемелік құралын таныстырып, оның білім беру процесіндегі маңызын атап өтті.
Шараның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ерте анықтау, оларды түрлі мамандықтармен таныстыру және бастапқы кәсіби бағдарлаудың тиімді моделін қалыптастыру болып табылады.
Бағдарлама аясында мектепалды топ тәрбиеленушілерінің «Тілшімен сұхбат», «Аспазшылар патшалығы», «Құрылысшылар қалашығы», «Қолөнер шеберлері» атты мазмұндық көріністері көрсетілді. Музыкалық жетекшілердің қатысуымен хор, ән және би нөмірлері ұсынылды. «Қарлығаш» тобының «Көне заманнан ғарышқа» атты сахналық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
Ата-ана Досимбаева Күннір Құттықияқызы «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында баяндама жасады. Жас мамандар «Мамандығым – мақтанышым» атты кездесуде педагог мамандығының маңызын атап өтті.
Тәрбиеші Муханова Кадиша Тулекбаевна «Таңғажайып ғарыш әлемі» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекетті көрсетті. Балабақша әдіскері Үмбетова Гүлназира Есенғалиевна «Мектепке дейінгі ұйымда ерте кәсіптік бағдар берудің тиімді жолдары» тақырыбында таныстырылым жасады.
Іс-шара қорытындысында ерте кәсіби бағдар беру үрдісінің мектепке дейінгі білім беруде ерекше маңызға ие екені атап өтілді.
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@astana_adistemelik_ortalyq
@d_syndar
@elorda.balabaksha_qauymdastygy